Читаем
АРҒЫ ТЕГІН АСПАННАН ІЗДЕГЕНДЕР
3 октября, 17:09Үлпілдеген Ақ Мақта жолдың жиегінде өскен жабайы Түйе Тікенге мақтанып:
- Сен менімен ойнама! Біздің арғы аталарымыз аспандағы Ақша Бұлттан тараған, - дейді бірде.
- Болса болар, - дейді әлгі әңгімені естіп қалған қыз құлағындағы Сұлу Сырға. – «Біздің арғы атамыз қора төбесіне шаншулы қол орақтай әдемі аймен ағайын» деп айтып отыыратын менің әжем. Несі бар?! Таң қалатын түгі де жоқ!
- Шынында да таң қалатын түгі де жоқ! – дейді Сырғаның әңгімесін Доға одан әрі іліп әкетіп. – Біз, мысалы, жазғы жылы жаңбырдан соң жарқ етіп шыға келетін керемет Кемпірқосақпен жақын туыс болып келеміз!
Бұлардың парықсыздау әңгімесін әрі тыңдап, бері тыңдап, әбден ығыр болған Түйе Тікен:
- Айтпай-ақ қояйын деп едім, болмадыңдар ғой! – деді. – Бәз де тегін сиырдың тезегі емеспіз! Арғы атамыз – аспаннан ағып түскен жарық жұлдыз екен. Гүл атқан кезде біздер содан аумаймыз. Мүмкін бәріміздің сөзімізде де бір шындық бар шығар. Әйтсе де өз басым түсінбейтін бір нәрсе: ата-тегім аспан әлемінің тұрғындары болса, біз өзіміз нағып жер басып жүрміз осы?!
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
ЮНЕСКО тоғызұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп таныды
18 декабря, 15:10 -
Археологи обнаружили первую школу в древнем Туркестане
15 августа, 6:27 -
В ГОСТИНИЦЕ / ҚОНАҚҮЙДЕ
7 сентября, 19:25 -
В КИНОТЕАТРЕ / КИНОТЕАТРДА
7 сентября, 14:55 -
АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ «APPLE» ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
7 сентября, 8:19